Ақтөбе қаласында қазақтың ән-күйінің ырғағымен атқылайтын субұрқақ ашылды.
Облыс әкімдігіне қарама-қарсы бетте орналасқан гүлзардағы ескі субұрқақ жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орнына жарық пен әуен үйлесіміне негізделген субұрқақ орнатылды. Оның ашылу салтанатына бас прокурор Жақып Асанов пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
“Субұрқақтың құрылымы күрделі. Арнайы компьютер арқылы басқарылады. Бірнеше су сорғылары мен қуатты дыбыс ұлғайтқыш және жарық диодты 100-ден астам шам орнатылған. Құбырлардан атқылайтын судың биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Әзірге екі түрлі музыка ойнап тұрады. Болашақта күйлердің санын көбейтеміз” деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.