Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ақтөбеде мұнай ұрлаушыларды басқарған қылмыстық топ серкесі спорт меценаты болып шықты

Арнайы операция жүргізілген Ақтөбедегі мұнай зауытындағылар үшін Еркін Ізбасар күрестің дамуына үлес қосушы спорт меценаты ретінде танымал болған деп хабарлады Кazinfo.today.

Ақтөбе мен Алматыдағы арнайы операциядан тыс Ақтөбеден 90 шақырымда орналасқан Қандыағаштағы «Вернал Ойл» зауытының территориясына да арнайы жасақ баса көктеп енген. Бұл кәсіпорында қылмыскерлер ұрланған мұнайды өткізу бағыттарын оңтайлап қойған.

Ұлттық қауіпсіздік ұйымы мен басқа да арнайы қызмет ұйымдасқан қылмыстық топты бірнеше ай бойына аңдып, бақылауда ұстаған. Бұрынырақ, оларды ұстау мүмкін болмаған, өйткені қылмыскерлер еліміздің әр түкпір-түкпірінде жүрген.

7-желтоқсанда арнайы қызмет жасақтары „Ақтөбе мұнайөңдеуші„ зауытында арнайы операция жүргізді. Осы уақытта Алматыда ұрлық мұнайды саудалаушы қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасаров ұсталды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз