Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбеде екі баласымен көше жағалаған жалғызбасты әке алаяқ болып шықты

6-қазанда Ерлан қасына екі бүлдіршінді ертіп, көшеге шығып, адамдардан қол жайып көмек сұраған. Ол өзі мен екі баласын әйелі тастап кеткенін айтқан. Ал жұмысы жоқтықтан жалға алған пәтер ақысын да төлей алмағанын, жетімдер үйінде өскендіктен барар жерлері болмай, далада қалғандарын айтып елдің жүрегін елжіреткен. Бұл жайтты бірнеше телеарна да берді. Кейіннен ер адамның бәрін алдағаны белгілі болды. Бұл туралы комиссия басшысы Ботагөз Бисенова айтып берді деп жазады Ақтөбе Таймс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйтсе Ерлан жетімдер үйінде өспепті. 2015 жылы әкімдік оның отбасына жатақханадан бір бөлме берген екен. Қазан айында Ерланның әйелі бала-шағасын тастамаған, Жаңажолға жұмыс іздеп, ақша табу үшін кеткен. Өйткені Ерланның өзі жұмыс істегісі келмейді. Сонымен қатар олардың некесі заңдастырылмағаны, ал баласы екі емес, үшеу екені анықталған. Ерланның айтуынша, ол екі жастағы ұлдың ғана әкесі.

– Комиссияда үш баланың анасына бала-шағасынан алшақтап кетуге болмайтынын түсіндірдік. Ол үйіне жақын жердегі доңғалақ жөндейтін жерден жұмыс тапты. Үлкен баласы мектепте оқиды. Ал кішілерін тәулік бойына жұмыс істейтін балабақшаға орналастық. Ерланға кіші ұлдың әкесі деп жаздыртуды міндеттедік. Егер азаматтық некедегі әйелімен ажырасатын болса, ол баласына алимент төлейтін болады, – деді Ботагөз Бисенова.

Кейіннен белгілі болғандай, Ерлан өз әйелімен тұрғысы келмейді екен. Ол басқа бір әйелді тауып алған көрінеді, енді соның қолына көшіп бармақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз