Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақтөбеде дәрігерді өлімші етіп сабап, зорлап кетті

Шалғай ауылдан емхана ашылды, оған учаскелік дәрігер керек болды. Қызымыз оған қуана келісті, аудан орталығынан 200 шақырым, бірақ жалақысы жақсы.

Ауылдан да қызметтік үй алып, баласына күтуші жалдап, жұмыс істеп жатқан. Онда небәрі 1300 тұрғын. Тыныш ауыл болып саналатын. Қалай болғаны, тіпті басқа да келмейді. Күдікті көршісі деп естідік, – дейді Әйтеке би аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ләззат Қабиева.

Ауылдық округтың әкімдігі бойжеткеннің жан айқайын көшеде жүрген өзге көршісі естіп қалғанын айтады. Түнгі сағат бір-екілерде болған бұл жайттан кейін ер адам бірден жедел жәрдем мен полицейлерді шақыртқан. Күдікті таңертең құрықталды.

Ол ұйқысынан оянған секілді түк болмағандай жұмысына барған. 47 жастағы ер адамның бес баласы бар, отбасылы азамат екен. Тіпті, балаларының алды үйлі-баранды боп үлгерген.

“Жұмысбасты, тыныш адам еді. Бұған қалайша барғанын түсіне алар емеспіз”, – дейді әкімдіктегілер дәрігерге тиіскен күдікті туралы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз