Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбеде ашынасымен көңіл көтерген бастықты бопсалағандар тұтылды

Күндердің күні пәтер иесі арақ ішіп отырып, достарына әлгі бейнежазбаны көрсетеді. Осылайша ол бөтендердің қолына түседі. Ерлан мен Берік деген жігіт, ең алдымен, құпия әрекет түсірілген таспа жазбасының флешкасын бастыққа береді. Артынан олар оны масқараламас үшін ақша – 4 миллион теңге талап етеді.

Цех бастығы өзінде мұндай ақша жоқтығын айтып, бопсалаушылардан күте тұруды өтінеді. Бірақ ақыры ақша таба алмасын білген ер адам полицияға шағымданады. Ерлан мен Берікті полция қызметкерлері құрықтайды. Олар өткен іске өкініш білдіріп, қолдарында кәрі әке-шешесі, кішкентай балалары барын айтып, кешірім сұрап, өздерін соттамауды өтінеді.

Сотта арызданушы оларды кешіргенін, видеоны өзіне қайтарып бергенін, оның көпшілікке жария етілмейтіндігі анықталғаны, сондықтан Ерлан мен Берікті босатуды сұрайды.

Сот тараптардың кешірімі мен өкінішін ескере отырып, бопсалағыш Ерлан мен Берікке 6 жылға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасын кесті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз