Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбеде 18 қылмыскердің көзі жойылды – ҚР Ішкі істер министрі

– Түнгi жедел-iздеу шаралары барысында полицейлерге қарсылық көрсету кезiнде тағы 7 қылмыскер жойылып, екеуi жарақат алып, ұсталды. Қылмыскерлерден ұрланған қарудың көп бөлiгi тәркiлендi. Қалған қылмыскерлердiң кiм екенi анықталды, қазiр оларды құрықтау бойынша тиiстi шаралар қабылданып жатыр, – деп мәлiм еттi министр.

Оның сөзiнше, қазiр Ақтөбеде жағдай қалыпты.

– Қазiр Ақтөбе облысында контртеррорлық операция режимi енгiзiлген. Ақтөбеде жағдай тұрақты. Кәсiпорындар мен қоғамдық көлiктер қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Iшкi iстер органдарының барлық жеке құрамы күшейтiлген тәртiпке көшiрiлдi, – дедi ол.

Iшкi iстер министрлiгi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрге қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасыларына көмек көрсету шараларын қолға алғанын да баса айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз