Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Ақтөбе облысында құлдықта жүрген жетім қыз азат етілді

Әңгіме арасында облыс аумағындағы балалар үйлері түлектерінің қоғамға енуі, жеке отбасын құрып, жұмысқа орналасуы да сөз болды. Осы тұста сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Асқар Садықов дәл осы балалар үйі түлектерінің бірінің басына түскен келеңсіз жайттан хабардар етті.

— Осыдан 3 күн бұрын Жем қаласына (Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы) қарасты шопан ауылдарының бірінде қыз бала табылды. Аудандық мәслихаттың депутаты хабарлады. Бұл қыз Жайсаң балалар үйінде тәрбиеленген екен. Оны құлдықта ұстағандай етіп, жұмсап отырған көрінеді. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысына хабар берілді. Сіз де бұл мәселені жеке қадағалауға алуыңызды сұраймын, — деді облыс әкімінің іске араласуын өтінген облыстық мәслихаттың депутаты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз