Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбе облысында ерлікпен қаза тапқан полицейлердің отбасына 1 миллион теңге берілді

221

1991 жылдан бері Ақтөбе облысы Ішк3 3стер департаментінде 9 полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан.

Олардың қатарында : Картов Айса Ақдаулетұлы, Қосжанов Амангелды, Нұрымжанов Аббат Жанайұлы, Оразалин Қымбатқазы Мұхамбетқазыұлы, Алпысбай Нұрлан Оралбайұлы, Буранбаев Айдос Сартайұлы, Жолдыбаев Руслан Баххалиұлы, Кенжалин Рүстем Болатұлы және Жақсылықбаев Темірбек Мұратбайұлы бар.

2002 жылы Қарғалы ауданында қылмыскерлерді құрықтау кезінде қаза тапқан Абат Нұрымжановтың жесірі Марина Нұрымжанова көзіне жас алып алғыс айтты.

– Жолдасым Абат өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, өсіп келе жатқан маман еді. Ол сол кезде Қарғалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының жедел жұмыс бойынша орынбасары лауазымын атқарды. Екі қылмыскерді қылмыс үстінде ұстамақ болған кезде қапыда қанды қол қылмыскердің қолынан қаза тапты. Әрине, орны толмас ауыр қаза, бұл маған да, менің балаларыма да оңай тиген жоқ. Ақтөбе облысы ІІД бізді қамқорлықсыз қалдырған жоқ.

Асыраушымыздан айрылған соң мені ІІО қызметке қабылдап, жолдасымның ісін жалғастырдым. Бүгінде полиция капитаны шенінде қызмет атқарып отырмын. Әрбір мереке сайын өткізілетін іс-шаралардың құрметті қонағымыз. Мен ең алдымен ІІД бастығы Махамбет Хайыржанұлы Абисатов пен әріптестеріме айрықша ризашылығымды білдіргім келеді. Жаңа жыл алдында берілген бұл қомақты сома көптеген әлеуметтік мәселелерімізді шешуге көмек болды,-деді Марина Нұрымжанова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз