Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбе облысында адам қағып өлтірген ауыл әкіміне қатысты сот басталды

Ең сорақысы, шенеуніктің ол кезде көлік айдауға құқығы болмаған деп хабарлады КТК арнасы.

Еркебұлан Ермекбаев, Темір ауданы прокурорының орынбасары:

-Жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде ауыр салдарға әкеп соққанын біле тұра, зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалды.

Мұнайлы ауылға әкім болардың алдында Нұрлыбек Қалмағанбетов көлік айдау құқығынан айырылған. Ол кезде де мас болып ұсталыпты.

Шенеунік апат болған күні «сау едім» деп отыр. Ал апаттың кешқұрым абайсызда болғанын айтып ант-су ішуде.

Нұрлыбек Қалмағанбетов, айыпталушы:

– Бастапқыда адамды басқан жоқпын деп ойладым. Қайтқан баланы көрген де жоқпын. Содан мен де шокта кетіп қалдым. Мен қашқан жоқпын.

Әкім қағып өлтірген Әділхан Қуанышәлиннің ата-анасы кешірім беруден бас тартқан. Олар жол бойында қансырап жатқан баласын тастап кеткен Қалмағанбетовтен түңіліп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз