Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
13
USD
480
+2.25
EUR
532
+5.78
RUB
5.27
+0.03

Ақтөбе қаласының әкімі ауысты

111

40 жастағы Ілияс Испанов – Қазақстандағы халықаралық бизнес академиясы жанындағы нарық институтының, Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебінің, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі.

Экономист мамандығын алған және мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Испанов еңбек жолын 1993 жылы «Ақ Бастау» компаниясының Сарыағаш аудандық филиалында есепші болып бастаған. Кейінгі жылдары ҚР Қаржы министрлігі проблемалық борышкерлермен жұмыс комитет төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Бас прокуратурасы қаржы, ақпараттандыру, ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

Ол Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалмай тұрып, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін басқарған.

– Біз кадр алмастыру шарасын жүргіздік. 6 ауданның әкімдерін ауыстырдық. Облыста кадр жетіспейді, әсіресе кандидат таңдау кезінде осы мәселемен бетпе-бет келдік. А корпусының резерві жоқ, бұл жолы да оларға сенім арта отырып, кадр алмастырдық. Олар біздің сенімімізді ақтайды деп үміттенемін, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбенің бұрынғы әкімі Бекбол Сағын өзге жұмысқа ауысуына байланысты орнынан босатылды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз