Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Ақша ұрланған жоқ». БЖЗҚ басшыларын босатуды сұрады

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ол (Ерденаев) ешқандай да қылмыс жасаған жоқ. Мен мұны кесіп айтамын. Азаматтық-құқықтық келісім болған. Оның заңды-заңсыздығын тек сот шешеді. Бұл қылмыстың ізіне түсуші органның құзіретіне жатпайды», – деді ол.

Оның айтуынша, қазір қандай да бір қорытынды шығаруға әлі ерте. Тексеріп, із кесетіндей нәрсе болған жоқ. Тек куәгерлерден жауап алынды, олар ешнәрсе бүлдірмегенін айтты. Ал Бахтовты, тіпті жұмыс үстінен ұстаған.

«Ақшаның бәрі банкте. Эмитент келісімшарт талаптарын бұзып, ақшаны мақсатсыз жұмсаған. Бірақ оның барлығы біздің банкте, Алматыда. Екі сағаттың ішінде Ұлттық банк басшысы тұтқаны көтергенде ақша орнында болды. Жұмсалғаны қайда? Барлығы өз орнында! Бостан босқа оларды қамауға алды. БЖЗҚ өз міндеттемелерін адал орындады. БЖЗҚ өз-өзін қамсыздандыруы керек, зейнетақы жинағын ұстауға қақысы жоқ. Сол үшін солай болды. Келісімшарт тиімді. Жылына 19 пайыз өсіммен беріп отыр. Ондай инвесторды қайдан табасыз? Ал мұнда алтын кенішінің құнды қағаздары. Алтын көлемі 60-тан 220 тоннаны құрайды. Одан басқа қандай кепіл, қандай қамсыздындару керек?», – дейді адвокат.

Адвокат өз адамдарының тағылған айыптарды өзгертуге бел шеше кірісетінін де айтты.

«Ерденаевты ұрлығының үстінен түсіп, қолымен ұстап алса түсінер едім. Ұрлады деу үшін оны дәлелдейтін факті керек қой. Ал ақша өз орнында тұр. Барлығы – ашық, жария. Егер бұл келісімшарт заңсыз деп тапсаңыздар, ол ақшаны кері алып, орнына қоя беріңіздер. Келісімшарт заңсыз деген соттың шешімі шықса болғаны. Ақша орнында болады. БЖЗҚ өзін екі рет сақтандырып қойған. Ол акционерлік қоғам тарапынан құны 15 млрд долларды құрайтын кепіл міндеттемесін алды. Бір жыл ішінде ақша өз орнына келетін еді. Осыны неге ешкім есепке алмайды, тек БЖЗҚ маңындағылардың барлығы ұры деген даурықпа әңгімені үдетіп жатырсыздар. Егер біз тергеудің объективтілігін қамтамасыз ете алғанда ғой, онда прокуратураға бір рет арыз түсірсек жетіп жатыр еді, олар қылмыстық істі міндетті түрде доғаруы керек. Мен Алмалы аудандық сотының қаулысы өз күшін жойып, сот кепілмен босату туралы шешім шығаруды сұрамақпын», – деді қорғаушы.

«Біз кепілге құны 90 миллион теңгеге бағаланған Ерденаевтың басындағы жалғыз баспананы кепілге қойып отырмыз. Ал заң бойынша кепіл ақшаның ең аз деген көлемі 1 миллион 600 теңгені құрауы керек. Ал Бахтов үшін 13 млн теңге ұсынбақпын. Бұл – жер телімі», – деді адвокат.

Бақытжан Кенжебаев пен Азат Найзағариннің де қорғаушысы Ғалым Нүрпейісов соттан өз адамдарын кепіл ақшамен босатуды сұрамақ ниетте екенін мәлім етті.

Еске сала кетелік, бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақшасының ұрлығы бойынша қозғалған іске қатысты 4 адам 2 айға қамауға алынғаны хабарланған еді. Олар – „БЖЗҚ„ АҚ басқармасының төрағасы Руслан Ерденаев, „БЖЗҚ„ АҚ Қаржы тәуекелдерін басқару департаментінің бастығы Мұса Бахтов, „АлатауМұнайАлтын„ АҚ-тың қадағалаушы кеңесінің төрағасы, сондай-ақ «Бузгул Аурум» ЖШС-ның құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры Азат Найзағарин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз