Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

АҚШ-та Клинтон мен Трамптың алғашқы дебаты өтті

Республикашылдар атынан үміткер Дональд Трамп корпоративті салықты қысқарту арқылы бизнес-қауымдастықты қолдайтынын, жас іскерлерді америкаға тартып, жұмыс орындарының көптеп ашылуына жағдай жасайтынын мәлімдеді. Ол сонымен бірге Салық кодексіне өзгерістер енгізетінін де айтты. Ол кезінде Билл Клинтон бекіткен, Барак Обама қол қойған Солтүстікамерикалық келісімді сынға алды.

Қатысушылар елдеріндегі нәсілдік қарым-қатынас мәселесін де көтерді.

Клинтонның сөздерінше, сот-тергеу жүйесінде нәсілдік, аз ұлттарға қатысты кемсітушілік байқалады, бұған жол бермеу керек. Клинтон сонымен бірге қару-жарақты сату бақылауын күшейтінін де айтты.

Трамп болса құқық қорғау органдарындағы қызметкерлер санын өсіру арқылы тәртіпті күшейтемін деді.

Сыртқы саясатқа қатысты Клинтон Ресейдің Америкадағы партиялық және қоғамдық құрылымдарға қарсы хаккерлік шабуылын сынға алды. Оны бұл елдің сайлау процесіне кедергі жасау деп атап өтті.

Трамп болса, Ресейдің хаккерлік шабуылды жасағаны жөнінде нақты дәлелдер жоқ деді. Бірақ Ресейдің зымыран-ядролық арсеналын жаңартып жатқанын қауіппен атап өтті. Бұған Құрама Штаттар тиісінше жауап берген жоқ деп есептейді.

Миллиардер үміткер Дональд Трамп бұған дейін бетпе-бет дебатқа қатысқан емес. Хиллари Клинтон 2008 жылы президент сайлауы алдында үміткер Барак Обамамен дебатқа шықты. АҚШ-тағы президент сайлауы 8 қарашада өтеді.

02b43597-3fa5-4e5a-b32b-39bb4104c8c7_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз