Ұрланып, сатылған тауарлар қатарына снайперлік дәлдегіш, атқыш қарулардың, пулеметтің бөлшектері, жарылғыш заттардың, граната атқыш қарудың көздеу тетіктері, микрофоны мен тыңдағышы бар түнде көретін құрылғы, бронқап және басқалар да бар.
8 америкалық азамат ұсталды, оның алтауы әскерилер. Олар – Форт Кэмпбелл базасының солдаттары. Олар қару-жарақ бөлшектерін ұрлап, оны Ресей мен Қытай, Қазақстан және бірқатар мемлекеттердегі тұтынушыларына сатқан деп мәлімдеді АҚШ әділет министрлігі. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.