Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

АҚШ: Ресей Башар Асад режиміне қысым көрсетуі тиіс

Джон Кирбидің айтуынша, егер Ресей Дамаскіге өзінің ықпалын пайдаланып, Башар Асадқа бейбіт тұрғындарға және оппозициялық күштерге оқ атуын тоқтатуды талап етсе, Мистураның міндеті әлдеқайда қарапайым болар еді.

“Сіздер оппозициялық күштерді келіссөздерге қатысуға шақырасыздар, бірақ сол уақытта Башар Асад билігі бейбіт тұрғындарды, ауруханаларды бомбалауды жалғастырып келеді. Мұндай кезде оппозицияның бітімге келуі екіталай”, – деп мәлімдеді Джон Кирби.

Оның сөзінше, бейсенбіде Мәскеуге баратын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри жоғары лауазымды тұлғаларды бейбіт келіссөз жағдайын құруға шақырады. Вашингтон Джон Керридің Мәскеуге сапары бір жағынан Ресейдің террористік ұйымдармен бірлесіп күресу туралы мәлімдемесінің шынайылығын әрі Сирияда соғысты аяқтап, плюралистік мемлекет құруға қаншалықты ниетті екендіктерін саралауға мүмкіндік береді деп отыр.

1 тамызда Женевада ресми Дамаск мен ұстамды оппозиция арасында келіссөздер қайта жаңару керек. Алайда оппозиция өкілдері үкімет бітім шартын орындамайынша, келіссөз үстеліне отырудан бас тартады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз