Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға баратынын жоққа шығарды

Ал БАҚ-тар Қазақстан Президенті Өзбекстанға ертең барады деген мәліметті таратқан болатын. 

“Біз бұл мәліметті растамаймыз. Оның үстіне Мемлекет басшысы бірқатар шараға қатысады, оның G2 форумы аясында кездесулері жоспарланған, форумның өзіне де қатысады. Қазіргі уақытта бізде мұндай мәлімет жоқ (“Назарбаев Өзбекстанға бара ма?” деген сұраққа жауап – Авт.)”, – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметіндегілер.  

“Президент Өзбекстанға бара ма, жоқ па?” деген нақтылау сұрағына жауап былай болды: 

“Күмәнымыз басым”.

“Күмәнданасыздар ма, әлде жоққа шығарасыздар ма?”

“Біз қазіргі уақытта Мемлекет басшысының G-20 аясындағы шаралардан өзге қандай да бір сапары туралы мәліметті жоққа шығарамыз”, – деп түсіндірді Ақорда өкілдері. 

Ақордадағылар егер жоспар өзгеріп жатса, бұл туралы қосымша хабарланатынын айтты. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын. 

Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз