«Алдын ала кардиологпен хабарластым. Ол бізге кеңес беретін күнді белгіледі. Бірнеше айдан кейін барлық анализді тапсырысымен бізді порталға кезекке қойды. Кейін осы жерге келдік», – дейді Асхаттың анасы Әсемгүл Бектасова.2008 жылы ашылғаннан бері кардиохирургия орталығында жүрек ауруына шалдыққан 50 балаға ота жасалды. Мұндай ота жасату үшін 2 миллион теңгеден артық қаражат қажет. Елімізде ол кепілдендірілген медициналық көмектің арқасында тегін жасалады. Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде хирургиялық көмек көрсетудің нәтижесінде балалар толыққанды сауығып кете алады және болашақта да сырқаттың асқынуы байқалмайды.
«Жыл басынан бері облыстық кардиологиялық орталықта 11 балаға ота жасалды. Балалардың жағдайы жақсы. Асқынулар болған жоқ», – дейді Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков.
Жыл сайын Қазақстанда мұндай дертпен 3 мыңнан аса бала дүниеге келеді. 2017 жылдан бастап осындай балаларға Ақмола облыстық кардиологиялық орталығында жоспарлы түрде оталар жасалатын болады. Бүгінде оған барлық жағдай жасалған.
«Орталық барлық талаптарға сай келеді. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ең бастысы, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Мұндай жабдықтар облыс орталықтарының барлығында кездесе бермейді. Сондықтан да, дәл осындай оталарды бәрінің бірдей жасауына мүмкіншіліктер жоқтың қасы», – дейді Алматы қалалық перинатология және балалар хирургиясы орталығының бөлімше меңгерушісі Қайрат Қуатбеков.
SAMSUNG CAMERA PICTURES