Атбасар теміржол магистралында оқушының күйіп қалған денесі табылды.
Бұл туралы өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.
“Оқушы күндіз сырғанаққа кеткеннен үйге оралмаған. Полиция іздеуді бастағанда, теміржол жолдарында баланың күйіп қалған денесі табылды. Жасөспірімнің денесінде тоқ соғу белгілері бар”, — деп мәлімет берді полиция.
Бастапқы берілген деректер бойынша, оқушы вагондардың арасынан өтемін дегенде электр желісін жанап кеткенге ұқсайды. Нәтижесінде қатты тоқ соғып, сол жерде көз жұмған. Сараптама тағайындалды.