Ақмола облысында прокуратураның үш қызметкері ұсталды.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
4-желтоқсанда облыстық прокуратураның үш қызметкері ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылды. Олар қызметтік бабын асыра пайдаланды және заңсыз аң аулаумен айналысты деген күдікке ілініп отыр.
“Қазіргі кезде дәлелерді жинау мен бекіту бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Күдіктілерді ұстаудың егжей-тегжейі мен тергеу барысы БАҚ бетінде жарияланып тұрады”, – дейді Бас прокуратураның өкілдері.