Ақмола облысында 8 500-ден астам маскүнем есепте тұр. Оның ішінде 930 адамды жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары есепке алып отыр.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Еске сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен республика аумағында 17-26 қазан аралығында «Алкогольге жол жоқ!» ұранымен ішімдіктен бас тарту бойынша ұлттық күніне орай онкүндік өтуде.
Оған қоса, биыл 402 тұлға Ерейментау ауданының Сілеті ауылындағы облыстық наркологиялық ауруханасына емдеуге жатқызылды. Қазіргі кезде Ақмола облысы аумағында 2 уақытша бейімдеу (айықтырғыш) жұмыс істейді. Жыл басынан бері оған 5 000 адам жатқызылды.