Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақмола облысында 40-қа жуық баласы бар отбасы тұрады

Серік пен Жаңылған бала жастан жетімдіктің дәмін татқан. Осы жағдай мұншалықты көп баланы асырап алуға себеп болған екен. Отағасы 1-топтағы зағип жан әрі құлағының да мүкістігі бар. Соған қарамастан әйелі екеуі түрлі ұлттың балаларына бар білгендерін үйретуде. Балалары да отбасы бақытын сезеніп, ата-аналарына барынша қолғабыс көрсетіп жүр.

«Отбасымда жақсы сезінемін. Тек қана бірлік, татулық. Ешкім ұрмайды, соқпайды», – дейді 9-сынып оқушысы Қайрат Әкімжанов.

Қайрат секілді үйдегі өзге ұлттың балалары аты-жөндерін қазақшаға өзгерткен және өздерін қазақпыз деп мақтанады. Қазақ өнерінен де құр алақан емес. Мәселен, ұлты поляк Ғабиттың қазақша күрестен жетістіктері көп. Одан өзге қазақша ән салғанды ұнатады. Ал ұлты украин болса да, жаны қазақ Жансая әдебиетке жақын.

34 баланың тең жартысын ата-аналары құтты орындарына қондырған. Отағасы мен ошақ анасы солардан 18 немере сүйіп отырмыз деп шат-шадыман күйде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз