Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақмола облысында су ортасында көлігімен қалып кеткен аудан әкімі тағы да сумен алысып жатыр

Оқиға орнында болған төтенше қызмет мамандары Ерейментау қаласында 17 аула аумағын су басқанын анықтады. Олардың ішінде 5 тұрғын үйдің ішіне су кірген. Су еденнен 5-8 см көтерілген.

Қазіргі уақытта 5 жеке үйдің ішінен жаңбырдың лай суы сорылып алынды.

Жауын суын ағызу, су айдау арналарын қазу, аулалар мен көшелерге құм төсеу, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша халыққа көмек көрсету үшін жергілікті атқарушы органның коммуналдық қызметтері, төтенше жағдай департаментінің, жергілікті полиция қызметінен 3 бригада құрылып, 17 бірлік техника, 45 адам жұмылдырылды.

Ерейментау қаласы бойынша 2250 текше метр су ағызылды. 650 метр көше, 78 аулаға қиыршық тас төселді. 320 метр су айдау арналары салынды.

Ерейментау электр қосалқы станса аумағынан 700 текше метр су ағызды.

Ерейментау стансасының темір жолдарынан су ағызу, айдау жұмыстары жүргізілді, пойыздар қозғалысы тоқтатылған жоқ.

Еске сала кетелік, көктемде қыста жауған мол қар еріп, облыстағы Олжабай ауылын қызыл су басып қалған.  Ауданмен байланыстыратын жол да суға кеткен. Сол кезде су ортасында көлігімен қалып кетіп, шарасыз күйге түскен аудан әкімі Ермек Нұғымановты түсірген видеосы интернетте жарияланып, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз