Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Ақбота Сейтмағамбет: “Біреудің күйеуінде нем бар? Ешкімнің отбасын бұзған жоқпын”

«Топтан кететінім туралы Баян Мақсатқызына ұзақ уақыт бойы айта алмай жүрдім, өйткені ол шетелде емделіп жатты. Мүмкіндік туа салысымен жеткіздім. Ол қатты таңырқап қалды, мені топтан осылайша тез кетеді деп күткен жоқ. Бірақ Баян Мақсатқызы да әйел. Ол мені түсініп, қолдау көрсетті. Ол үшін оған алғысым шексіз. Топта істеген жұмысым мен үшін баға жетпес тәжірибе болды. Мен туралы неше түрлі сыбыстар тарап кетті. Кейбіреулер менің «Алау» тобының әншісіне тұрмысқа шығатынымды айтып жүр. Бірақ ол өтірік. «Алаулық» жігіттермен достық қарым-қатынастамыз, оларды ағаларымдай көремін», – деп атап өтті Ақбота.

Бұдан бөлек, Ақбота Сейтмағамбет болашақ жарының ел ойлағандай Дәурен Айдарқұлов емес екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, болашақ зайыбының өнер әлеміне қатысы жоқ екеніне сендірді. Алайда продюсер Баян Есентаева Ақботаның өз сүйіктісін «Гламур для дур» фильмінің түсірілім алаңында жолықтырғанын айтқан еді.

Айтпақшы жастар әлі некелесу күнін белгілемеген. Ақботаның айтуынша, үйлену тойы жаз айларына қалдырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз