Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметіне жүргізілген тексеру барысында «Тимирязево – Докучаево» автомобиль жолын орташа жөндеуге бөлінген 87 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемдену фактісін анықтады.
Аталған алаяқтықты жасағаны үшін мердігер ұйымның бұрынғы басшысы күдікке ілінді. Биыл 12 қазанда материалдар прокуратураның Ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, облыстың Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.