Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
454
-0.38
EUR
507
-1.47
RUB
5.58
-0.01

Келер жылы декреттік төлем 308 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қазір жұмыс істейтін ата-аналарға бала бір жарым жасқа толғанға дейін төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері айына 238 мың теңге.

Егер 2027 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе, бұл көрсеткіш 308 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Демек қазіргі шекті мөлшермен салыстырғанда 70 мың теңгеге артады.

Алайда бұл барлық ата-ана ай сайын 308 мың теңге алады дегенді білдірмейді. Төлемнің нақты сомасы соңғы 24 айдағы орташа табысқа және әлеуметтік аударымдарға байланысты есептеледі.

Жүктілік пен босануға байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлемнің де жоғарғы шегі артуы ықтимал. Қазір стандартты 126 күндік декреттік демалыс үшін төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары есептік мөлшері шамамен 2,5 миллион теңгемен шектеледі.

Ал ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтерілсе, бұл сома 3 миллион теңгеден асуы мүмкін.

Біржолғы төлемнің көлемі әйелдің соңғы 12 айдағы орташа табысы мен декреттік демалысының ұзақтығына қарай есептеледі. Сондықтан көрсетілген сома да барлық әйелге бірдей берілмейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз