Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
2
USD
454
0.00
EUR
509
0.00
RUB
5.65
0.00

Павлодарда үш баласына 7 млн теңгеге жуық алимент төлемеген әйел жауапқа тартылды

Алайда әйел сот шешімін орындамай, балаларының құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірген. Алимент өндіру туралы сот шешімін орындамағаны үшін әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Сот шешімімен оған 20 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалып, алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауға үш ай мерзім берілді. Егер осы мерзім ішінде әйел алимент төлеуден қайта жалтарса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Полиция қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарды заңнан жалтармай, мәселені заң аясында шешуге шақырады. Мұндай жағдайда алимент төлеу тәртібін реттеу немесе оның мөлшерін өзгерту үшін сотқа не сот орындаушыларына уақытылы жүгіну қажет.

Еске саламыз, ата-аналық міндеттерді орындамау заңда көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз