Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
442
-0.11
EUR
503
-1.23
RUB
5.23
-0.01

Жол сапасын бақыламаған 22 сарапшы жұмыстан шығарылды

Анықталған ақаулардың қатарында жолдағы шұңқырлар мен ойықтар, жарықтар, асфальтбетон жамылғысының ығысуы, жолтабандар және жолдың пайдалану жағдайына әсер ететін өзге де кемшіліктер бар.

Әрбір анықталған дерек бойынша жауапты тұлғалар белгіленіп, тиісті шаралар қабылдануда. Жұмыс сапасын тиісінше бақыламаған техникалық қадағалау мамандарына жалпы сомасы 53,4 млн теңге көлемінде айыппұл санкциялары қолданылды. Сонымен қатар 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылды.

«ҚазАвтоЖол» жол жұмысының сапасына және техникалық қадағалауға қойылатын талаптарды күшейтуде. Ақаудың анықталуы – оның қабылданғанын білдірмейді. Мердігер ұйымдарға кемшіліктерді жою жөнінде талап қойылып, жауапты тұлғаларға тиісті шаралар қолданылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз