Әлеуметтік желіде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, балағат сөздермен телефон арқылы қоқан-лоқы көрсеткен Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Әділхан Аягөз соттың қаулысымен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Анықталғандай аталған азаматша осыған дейін де ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және өзге адамдардың құқығы мен тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.