Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
15
USD
445
-3.00
EUR
514
-3.32
RUB
5.28
-0.01

Дәрі-дәрмекті цифрлық бақылау 42 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді

2024 жылғы шілдеде міндетті таңбалау енгізілгеннен бері жүйе арқылы шамамен 1,1 млрд қаптама дәрілік зат өткізілді.

Бүгінде цифрлық қадағалау мемлекетке таңбаланған әрбір қаптаманың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап медициналық ұйымға, дәріханаға және пациентке дейінгі барлық кезеңдердегі қозғалысын көруге мүмкіндік береді.

Негізгі бағыттардың бірі – дәріханалардағы нақты бағаларды бақылау. Жүйе шамамен 3 мың дәрілік заттың құнын автоматты түрде талдайды. Дәрі-дәрмектің 52 пайызы бойынша бағалар тұрақты деңгейде сақталса, тағы 26 пайызы бойынша бағаның төмендегені тіркелген.

Мысалы, жекелеген кезеңдерде 5 746 теңгеге дейін жеткен «Сумамед» препаратының бағасы 2026 жылғы тамызда 3 174 теңгеге дейін төмендеді. Бұл тіркелген ең жоғары бағамен салыстырғанда 44 пайызға аз. Осындай динамика бірқатар басқа дәрілік препараттар бойынша да байқалады.

Цифрлық бақылау өңірлер мен медициналық ұйымдардағы дәрі-дәрмектің нақты қорын көруге де мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында 14 млн-нан астам қаптама, ал медициналық ұйымдарда 30 млн-нан астам қаптама дәрілік зат бар.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрілік заттардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау мүмкіндіктері кеңейтіледі. Цифрлық жүйенің деректері дәрілік препараттардың қозғалысын жедел бақылау құралдарының бірі болады.

Таңбалау жүйесі өнімнің жаңа санаттарын да кезең-кезеңімен қамтып келеді. 2026 жылғы қыркүйектен бастап биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау басталады, ал 2027 жылдан бастап медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз