Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
13
USD
448
-3.11
EUR
517
-5.93
RUB
5.3
-0.03

Алматыдағы марафонға 60-тан астам елдің желаяқтары қатысады

Марафонның танымал шетелдік қатысушыларының бірі – 2018 жылғы Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи. Жапониялық спортшы Қазақстан мен Орталық Азияға алғаш рет келіп, Алматыда 42,2 шақырымдық марафон қашықтығын бағындырады.

Мерейтойлық жарысқа байланысты барлық қашықтықтың бағыты жаңартылған. 42,2 шақырымдық марафон трассасы биыл алғаш рет бір айналымнан тұрады. Жүгірушілер Абай даңғылымен Момышұлы көшесіне дейін жетіп, кері бағытта қозғалады. Одан әрі маршрут Достық даңғылы, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шевченко, Құрманғазы, Наурызбай батыр және Сәтбаев көшелері арқылы өтеді. Жарыс Абай алаңынан басталып, Республика алаңында мәреге жетеді.

Өткен жылы Almaty Marathon-ға 60 мемлекеттен 1 363 шетелдік спортшы қатысқан. Жарыстан кейін жүргізілген сауалнамада олардың 79,3%-ы Алматыға тағы да келуге ниетті екенін білдірген. Almaty Marathon Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығының (AIMS) халықаралық күнтізбесіне енгізілген. Сондай-ақ жарыс түркі халықтарының марафондарын біріктіретін TAN альянсының құрамына кіреді.

Almaty Marathon 2026 аясындағы 42,2 және 21,1 шақырымдық қашықтықтарға қатысу үшін тіркелу марафонның ресми сайтында әлі де жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз