Нұр-Сұлтан
Қазір
36
Ертең
21
USD
467
-3.85
EUR
539
-3.08
RUB
5.65
-0.06

Қазақстанда жол қауіпсіздігін цифрлық технология арқылы бақылау күшейтілді

Тағы бір құрал – патрульдік көліктерге орнатылған мобильді кешендер. Олар көлік ағынының ішінде жүріп-ақ жүргізушінің рөлде телефон пайдалануын, жаяу жүргіншілерге жол бермеуін, жылдамдықты асыруын және маневр жасау ережелерін бұзуын тіркеуге мүмкіндік береді.

Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдықты бақылау үшін орташа жылдамдықты анықтау жүйесі қолданылады. Ол көліктің белгіленген нүктелер арасындағы қозғалысын талдайды. Қазір мұндай жүйе республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта жұмыс істейді.

Түнгі уақыт пен күрделі ауа райы жағдайларына да ерекше назар аударылады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін полиция лазерлік жүйелерді пайдаланады. Олар қауіпті жағдайларды, соның ішінде жүргізушілердің шаршауына байланысты туындайтын қауіптерді анықтауға көмектеседі.

Сонымен қатар жолдың кейбір учаскелерінде жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту тәсілі қолданылады. Мұндай шара жүргізушілерді жылдамдықты төмендетіп, жолға мұқият болуға ынталандыруға бағытталған.

«Бұл шаралардың барлығы азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жолдардағы апат санын азайтуға бағытталған», – деді Бағланбек Айтпаев.

ІІМ өкілдері цифрлық бақылауды дамыту жолдарды жүргізушілер үшін де, жолаушылар үшін де қауіпсіз етуге тиіс екенін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз