Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
20
USD
472
-3.40
EUR
544
-4.34
RUB
5.82
-0.11

Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалі аясында Jas Vibe акциясы басталды

Он күн бойы Алматы көшелерінде арнайы брендтелген автобус қатынап, қала маскоттары мен «Жас Алматы» белсенділері тұрғындарды келе жатқан мерекемен құттықтап, түрлі интерактивтер ұйымдастырады, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, барша алматылықтарды 12 тамыз күні өтетін фестивальдің қорытынды концертіне шақырады.

Акция барысында интерактивтер мен ойындарға белсенді қатысқан тұрғындарға ALMA LOVE 2026 фестивалінің қорытынды концертіне арналған фан-аймаққа шақыру билеті табысталады.

Жоба жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, қалалық бірлік пен достық рухын қалыптастыруға, сондай-ақ жастар мәдениетін дамытуға бағытталған.

«Осындай мерекелік жобалардың қаланың әр ауданында өтіп жатқаны өте қуантады. Бұл адамдарды біріктіреді, жақсы көңіл күй сыйлайды және жастардың бастамаларына қызығушылықты арттырады. Міндетті түрде фестивальдің қорытынды концертіне қатысамын», – деп атап өтті акцияға қатысқан Алматы қаласының жас тұрғаны.

ALMA LOVE 2026 фестивалі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, Дүниежүзілік жастар күніне орай мәдени, спорттық, білім беру, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы ондаған іс-шараны біріктіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз