Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
20
USD
472
-3.40
EUR
544
-4.34
RUB
5.82
-0.11

Алматыда жаңа мектептер мен балабақшалар қай аудандарда салынып жатыр

Оның айтуынша, қазіргі уақытта №16, №112 және №170 мектептерге жапсаржайлардың құрылысы жүріп жатыр. Пайдалануға берілгеннен кейін бұл мектептерде 900 жаңа оқушы орны ашылады. Сонымен қатар 10 мектеп пен 2 балабақшада реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде.

– Жыл басынан бері Алматыда жеті білім беру нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Зерделі шағын ауданындағы 550 орындық мектеп, Шұғыла шағын ауданындағы 340 орындық мектеп-интернат, Құрамыс, Жас-Қанат және Қалқаман шағын аудандарындағы жалпы 820 орындық үш балабақша, сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілген №10 бөбекжай-балабақшасы, сондай-ақ Саялы шағын ауданындағы Оқушылардың шығармашылық орталығы пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін тағы 15 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде Зерделі шағын ауданында және Еңбек көшесінде орналасқан екі мектеп (жалпы 890 орын), №16, №112 және №170 мектептерге салынған үш жапсаржай (900 орын), тоғыз мектепті реконструкциялау және сейсмикалық күшейту, сондай-ақ Тілендиев көшесінде балабақша салу көзделген, – деді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта 14 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар №87 мектепке 300 орындық жапсаржай салу және №112 мектепті реконструкциялау жобалары мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Аталған нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстарын қазан айында бастау жоспарланған.

Бұдан бөлек, Алматыда білім беру саласы бойынша тағы 16 жобаны іске асыру жалғасуда. Олардың қатарында екі Оқушылардың шығармашылық орталығының, балабақшалардың құрылысы, Физика-математика мектебін реконструкциялау және басқа да нысандар бар.

Сондай-ақ 18 мектепке дейінгі білім беру және 2 орта білім беру нысаны, барлығы 20 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін олардың құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр.

Баспасөз мәслихатында Нұрбол Нұрсағатов мектептерді жаңғырту бағдарламасының іске асырылуына да тоқталды.

Оның айтуынша, 2027 жылдың соңына дейін Алматы қаласындағы 31 мектепті жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 6 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2 жоба бойынша мердігерді айқындау рәсімдері өтіп жатыр, ал 14 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз