Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2026 жылғы шілдеде мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау барысында құзырлы органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыстардың қорытындысын жариялады.
Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 975 адам ұсталған. Олардың 4 346-сы – шетел азаматтары.
Шілде айында шекара арқылы жалпы құны 3,9 млрд теңге болатын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің жолы кесілді.
Каспий теңізі акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің жолы кесілді. Соның нәтижесінде 24,6 шақырым браконьерлік құралдар мен 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Алдын алынған шығын көлемі 251 млн теңгеден асты.
Шекара қызметі өз құзыреті шеңберінде 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте. Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.