Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
15
USD
481
-5.10
EUR
549
-5.96
RUB
6.14
-0.10

Алматыда жастарға Конституциядағы жаңа өзгерістер түсіндірілді

Іс-шаралар М.Тынышпаев атындағы ALT университетінде, Narxoz университетінде, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде, Қонаев университетінде, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматы филиалында, Алматы технологиялық университетінде және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде өтті.

Кездесулер барысында Конституцияның әрбір азамат үшін практикалық маңызына, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға құрмет көрсетуге және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға ерекше назар аударылды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы жастарға сапалы білім алуға, еңбек етуге, кәсіпкерлікпен айналысуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға кең мүмкіндік береді. Бүгінде мемлекет жастардың әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасап отыр. Алайда кез келген құқық үлкен жауапкершілікпен қатар жүреді. Заңды құрметтеу, азаматтық ұстанымды қалыптастыру және елдің дамуына үлес қосу – әрбір жастың басты міндеті», – деп атап өтті Олжас Алимов, Қазақстан-Британ техникалық университеті заң департаментінің директоры, «Әділет» жоғары құқық мектебінің аға оқытушысы.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Салтанат Джакубаеваның айтуынша, құқықтық мемлекетті қалыптастыру жастардың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес.

«Белсенді азаматтық қоғам өз құқықтарын білетін, заңды құрметтейтін және елдің дамуына бейжай қарамайтын азаматтардан қалыптасады. Сондықтан жастар үшін ашық диалог алаңдарын құрып, оларды қоғамдық өмірге кеңінен тарту аса маңызды», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткізілген іс-шаралар студенттердің Конституцияның жаңа нормаларының практикалық маңызын тереңірек түсінуіне, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігі қағидаттары, азаматтық жауапкершілік және жастардың қоғамдық өмірге қатысуы мәселелерін жан-жақты талқылауына мүмкіндік берді.

Кездесулер барысында «Заң мен тәртіп» қағидатына, азаматтық қоғамды дамытуға, жастар бастамаларын қолдауға, волонтерлікті дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттарын кеңінен насихаттау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. 10 шілдеге дейін Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен жастар кеңістіктерінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған тағы онға жуық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз