Жамбыл облысында «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына тергеу жүріп жатыр. Пирамида халыққа күн сайын пассивті табысты уәде етіп, WhatsApp-та арнайы топтар ашып, салымшылар тартқан. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қазір бұл пирамиданы құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде.
«Тергеу амалдарына сай, жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджері арқылы «Еnvida ai ежедневный пассивный доход» және «Еnvida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход» атауымен топтар құрып, азаматтарды тұрақты жоғары табысқа уәде беру арқылы тартқан.
Ведомствоның мәліметінше, қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылған. Олар еліміздің алты өңірін қамтиды: