Үкімет брифингінде энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтан Астанада электр энергиясы тарифінің қымбаттауы жөніндегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Вице-министрдің айтуынша, Астана электр желілерін тарату компаниясының (Астана РЭК) тарифін көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл тарифті Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді.
«Олар қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Тарифтің өсуіне бірнеше себеп бар: қала үлкейіп жатыр, электр желілері мен қосалқы станцияларды жаңарту қажет, сондай-ақ желілік ұйымдардағы қызметкерлердің жалақысы республика бойынша орташа деңгейден төмен», — деді ол.
Сондай-ақ, Есімханов тариф жүйесі дифференциалды екенін атап өтті.
«Қазір біз орта есеппен 22 теңге төлейміз, ал Астанадағы орташа тариф 31 теңге шамасында», — деді вице-министр.