Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбе облысында автобус жүргізуші жолаушыларды айдалаға түсіріп кеткен

Тасымалдаушы компанияның өкілі жүргізуші бұл шешімді өз бетінше қабылдағанын айтып, оған қатысты тиісті шаралар қолданатынын айтты.

«Қыста және ерте көктемде Ақтөбе – Хромтау бағытында ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер жиі енгізіледі. Кейбір жағдайларда автобус елді мекенге кіре алады, алайда кері шығуына тиісті қызметтер тарапынан уақытша тыйым салынуы мүмкін», – деді «Qala trans» компаниясы директорының орынбасары Асқар Сабантаев.

Оның айтуынша, жолаушылардың арасында балалар болған жағдайда оларды елді мекеннен тыс жерде түсіріп кеткені дұрыс емес және тасымалдау қауіпсіздігі талаптарын бұзады.

«Бұл жағдайда жүргізушінің шешімді өз бетінше, басшылықпен келісусіз қабылдағаны анықталды. Мұндай әрекеттер ішкі нұсқаулықтар мен жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу болып саналады. Жүргізушіге қатысты тәртіптік шаралар қолданылады. Сондай-ақ барлық жүргізушілерге қосымша нұсқау беріліп, осындай жағдайлардың қабылданбайтыны және қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жолаушылардың қауіпсіздігі – ең бірінші орында және мұндай жағдай қайталанбауға тиіс», – деді «Qala trans» компаниясының орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз