Қазақстанның мемлекеттік туы Reddit платформасында өткен онлайн дауыс берудің қорытындысы бойынша әлемдегі ең әдемі ту деп танылды. Платформа қолданушылары Flags of the World деп аталатын турнирге қатысып, ең үздік мемлекеттік туды таңдаған. Дауыс беру барысында Қазақстанның туы ондаған елдің туынан басым түскен.
Жартылай финалда ол Сейшел аралдарының туын жеңсе, финалда Кирибати елінің туынан көп дауыс жинаған. Нәтижесінде турнирде:
Дауыс беруді ұйымдастырушылар қатысушылар Қазақстанның туын ұсынылған барлық тулардың ішіндегі ең үздігі деп таңдағанын атап өтті.
«Қазақстан – біздің чемпион! Сіздер дауыс беріп, бұл туды әлемдегі ең үздік ту деп таңдадыңыздар. Қатысқан жағдарға рақмет. Бұл үлкен, бірақ өте қызық жұмыс болды», – деп жазды ұйымдастырушылар.