Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-1
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Түркістан облысында субсидияның ақшасын жымқырған келіншек сотталды

Сәйкесінше мемлекеттен кооперативтің банктік есепшотына 24 700 000 теңге көлемінде субсидия қаражаты аударылған.

Алайда іс жүзінде селекциялық жұмыстар тек 18 бас асыл тұқымды бұқа және 450 бас аналық ірі қара малға ғана жүргізіліп, заңсыз алынған субсидия сомасы 20 200 000 теңгені құраған.

Аталған факті бойынша прокуратура қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағы (аса ірі мөлшерде алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Соттың 20 ақпан 2026 жылғы үкімімен «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Заңсыз алынған ақшалай қаражат толық көлемде өндіріліп, мемлекет кірісіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз