Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Сәуірде киік мүйізі сатылымға шығады

2025 жылдың желтоқсанында бұл квота жылына 10 тоннаға дейін ұлғайтылды. Дегенмен Экология министрлігі әзірге киік мүйізін сатудан қанша қаржы түсетінін нақты айта алмай отыр.

«Нарықта өнім болмаса, оның бағасы жоғары болады. Ал көп көлемде шықса, баға төмендеуі мүмкін. Сондықтан нақты сома туралы айту қиын», – деді министр.

Сонымен бірге, министрлік түскен қаражаттың қайда жұмсалатынын анықтап қойған.

«Бұл қаржы биоалуантүрлілікті сақтауға, киіктерді қорғауға және қажетті техника сатып алуға бағытталады», – деді Нысанбаев.

Бұған дейін Ерлан Нысанбаев киік мүйізінің бағасына қатысты пікір білдіріп, интернетте бір килограмы 2000 долларға дейін сатылатыны туралы мәліметтерді көргенін айтқан. Алайда министр мұндай бағалар шынайы емес болуы мүмкін екенін жеткізген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз