Бүгіннен бастап Қазақстандағы Әкімшілік кодекстің 31-бабына енген өзгерістер күшіне енеді. Сол өзгеріске сай, енді көліктің жылдамдығы мен басқа да фактілерді тіркейтін камералар рульде белдік тақпай отырған және телефон ұстап отырған жүргізушілерді автоматты түрде тіркеп алады және сол хаттамаларға сай, айыппұл салынады.
Әкімшілік кодекске сай, рульде көліктің белдігін тақпаған жүргізушілерге бірінші 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгеге тең, сонда бұл айыппұл көлемі 21 625 теңгеге тең болады.