Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-15
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді

Сондай-ақ, еліміз бұдан басқа да ірі кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибеге ие. 2017 жылы елде Дүниежүзілік қысқы Универсиада жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар Қазақстан аумағында жыл сайын қысқы спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізіліп келеді, бұл елдің ең жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдауға дайын екенін білдіреді.

Алдағы қысқы Азия ойындарын қолданыстағы инфрақұрылым базасында өткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты қосымша ірі спорт нысандарын салу қажеті жоқ. Қолда бар спорт кешендері қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінен жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда елімізде қысқы олимпиадалық 13 спорт түрі қарқынды дамып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз