Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-15
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елімізде қызылша өршіп тұр: дәрігерлер сақтанудың жолын айтты

Министрлік барлық қажетті шараларды қолға алғанымен, індеттің таралуын толық тоқтатуға әлі мүмкіндік болмай отыр. Мамандардың мәліметінше, аурудың негізгі себебі вакцинациядан жаппай бас тарту. Өткен жылдың соңынан бері қызылшаға шалдығу көрсеткіші тұрақты өсіп келеді. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі екпе алмаған азаматтар екені анықталған.

Эпидемиологиялық талдау нәтижесі бойынша науқастардың 79% мүлде вакцинацияланбаған, 8,4% екпенің толық курсын алмаған, ал шамамен 10%-ның иммундық мәртебесі белгісіз. Ерекше алаңдатарлығы екпе алмаған балалардың шамамен 59%-ы ата-анасының шешімімен вакцинациядан тыс қалған.

Жыл басынан бері республика бойынша қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелді. Науқастар ең көп анықталған өңірлер қатарында Астана қаласы (581 жағдай), Жамбыл облысы (339), Алматы қаласы (317) және Алматы облысы (146) тұр.

Мамандар қызылшаның аса жұқпалы вирустық ауру екенін ескертеді. Вакцинация болмаған жағдайда дерт ауыр өтіп, пневмония, есту қабілетінің төмендеуі, жүйке жүйесінің зақымдануы, энцефалит сияқты қауіпті асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, қызылшадан кейін адамның иммундық жүйесі ұзақ уақыт әлсірейді.

Әсіресе, жас балалар, екпе алмаған ересектер, жүкті әйелдер, сондай-ақ созылмалы ауруы бар және иммунитеті төмен адамдар қатер тобында. Жүкті әйелдер үшін қызылша түсік тастауға, мерзімінен бұрын босануға және ауыр асқынуларға соқтыруы ықтимал.

Дәрігерлердің айтуынша, қызылшадан сақтанудың ең тиімді әрі сенімді жолы – вакцинация. Екпе қауіпсіз, жеңіл қабылданады және инфекциядан, оның ауыр салдарынан сенімді қорғайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз