Елімізде тұрғын үй бағасының шекті сомасын бекіту ұсынылды. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты.
«Қазір елдегі баспана бағасы сұранысқа қарай қалыптасып отыр. Яғни сатып алушылар көбейгенде күрт көтеріледі. Мұның алдын алу үшін үй құрылысы комбинаттарымен келісімшарт жасасуды қарастыруға болады», – деді вице-министр.
Айтуынша осылайша құрылыс материалдары делдалсыз төмен бағаға алынады. Демек үй де кенеттен қымбаттап кетпейді. Бірақ шекті соманың қашан бекітілетіні белгісіз. Вице-министрі Қуандық Қажкенов әзірге мәселе жан-жақты зерделеніп жатқанын айтты.