Ақтөбе облысында ТЖМ және жергілікті қызметтердің күштері іздестіру операциясын сәтті аяқтады. Ақтөбе облысының Темір ауданында 1984 жылғы малшы аязды түнде адасып кетті. ТЖМ мәліметінше, малшыны іздестіру мақсатында іздестіру-құтқару жұмысы жүргізілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам 20 желтоқсан күні түстен кейін мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Онымен байланыс болмады. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.
«Іздестіру жұмысына ТЖМ, ПД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты және Starlink спутниктік байланысы бар ТЖМ тобы жіберілді. Бүгін іздестіру тобы жоғалған азаматты Шұбарқұдық кентінен 30 шақырым қашықтықта тапты», – делінген ТЖМ хабарламасында.