Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Іс-шарада қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай «Жылдар мен жолдар…» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылық жолына арналған бейнеролик көрсетіліп, туындыларына шолу жасалды.