Қазақстан құрамасы бокстан Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше 85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанды.
«Финалда отандасымыз Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевты жеңді», – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанған еді.