Апта басында әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында зардап шеккен қыз баланы ересек адамдар сұрақтың астына алып жатқан бейнетүсірілім тарады. «Кім? Қайда? Қашан? Қалай?» – деп, жанын жаралай отырып жауап алмақ болады.
Қыздың дірілдеген үнінен қорқыныш пен абыржу сезіледі. Ал әлдекім оның осы сәтін бейнежазбаға түсіріп, көптің назарын аударып, хайп қуып әлек. Есіңізде сақтаңыз, бұл – жанашырлық емес. Бұл – баланың жан дүниесіне салынған жараны қайта қанатып, екінші мәрте сыздату.
Мұндай әрекет тек моральдық емес, заңдық тұрғыдан да қате.
Бұл нормалар қағаз жүзіндегі формальдық емес. Олар қиын жағдайда қалған баланы көпшіліктің тасбауыр назарынан арашалап қалудың заңнамалық қалқаны.
Мен бұл мәселеге журналистердің, блогерлердің және қоғам белсенділерінің назарын аударғым келеді. Баланың бейнесін жариялап, аты-жөнін көпшілікке таратудан аулақ болыңыздар. Бөгденің қайғысын контентке айналдыруға болмайды.
Әлеуметтік желідегі бұл видеоға басылған әрбір лайк — баланың басынан өткен қайғыны қайта еске салатын таңба. Зорлық-зомбылық көрген балаға ең керегі — қауіпсіздік пен шынайы қолдау. Желі толы қаралым — жан жарасына жұбаныш бола алмайды.