Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Лига чемпиондары тарихында Sofascore халықаралық статистикалық порталының ең жоғары бағасы 10 ұпайды алған үшінші қақпашы атанды деп хабарлайды https://kaz.365info.kz/ сайты Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.
Платформаның ресми Instagram парақшасы 22 жастағы қазақстандық қақпашының Кипрдің «Пафос» командасына қарсы ойынын «тарихи кеш» деп атап өтті.
«Бұл Темірлан Анарбеков үшін ғажайып кеш! Ол жарақаттан кейін Лига чемпиондарындағы алғашқы ойынын өткізіп, біздің базада 10 ұпай алған үшінші қақпашы атанды», — делінген Sofascore хабарламасында.
Топтық кезеңнің үшінші турында өткен «Қайрат» «Пафос» матчы 0:0 есебімен аяқталды. Анарбеков кездесуде бес сейв жасап, командасының үздік ойыншысы деп танылды.Жас қақпашы үшін бұл дебют нағыз серпіліс болды, ол өз қақпасына бірде-бір гол салғызбай сақтап қана қоймай, еуропалық футбол тарихына енді.