Қазақстандықтардың «тіс емдетеміз» деген желеумен зейнетақы қорынан алған қаражаты 200 миллиард теңгеге жеткен. Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері азаматтардың жинақтағы ақшаны уақытынан бұрын шешіп алу үшін ақылға сыймайтын әрекеттерге баратынын айтады.
Тіс емханалары осы секілді алуан түрлі жолмен зейнетақы қоры есебінен 91 миллиард теңге пайда тапқан. Алайда салық органдарына соның бір пайызға да жетпейтін мөлшерін төлепті. Қазір құзырлы органдар барлық деректерді егжей-тегжейлі тексеріп жатыр.